Ана денсаулығыБасты бет

Ана денсаулығы бәрінен қымбат

на – шаңырақтың шуағы, отбасының бақыты мен берекесі. «Ана» деген ардақты атқа ие болған әрбір әйел затының алдында өскелең ұрпаққа деген жауапкершілік міндеті тұр. Ана денсаулығы бүгінгі заманның көкейкесті мәселелерінің бірі. Дана халқымыз «Ақылды әйел ішінде, алтын бесікті ұл жатар» деген мақалды текке айтпаса керек-ті.

Қоғамдағы кейбір қыз-ке­лін­шектердің шылым шегіп, түрлі ішімдіктерге әуес боп, ашық-шашық жүргенін көрген кезде қай анамыз осындай үлгі берген еді деп қайран қалар тұстарымыз да жоқ емес.
Сала мамандарының берген мәліметтеріне сүйенсек, жас қыздардың 30 пайызының ғана денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде екен. Демек, қалған 70 пайыз қаракөздеріміз ана болуға аса қабілетті емес. Оның ішінде 47,4 пайыз қыздар асқазан-ішек жолдарының дерттеріне шалдықса, 30,8 пайызын несеп, зәр жүйесі аурулары мазалайды екен. Сондай-ақ 12,5 пайызы эндокриндік жүйе ауруымен ауырады. Бұдан кейін ананың бойындағы дерт іште жатқан балаға да тікелей зиян келтіреді. Ана денсаулығы дұрыс болмаса, одан туар бала қандай болмақ? Міне, осы мәселе бізді қатты алаң­датады.
Көптеген дәрігерлер «ата-аналар дәрігерлер берген емдеу шараларын баланың беті бері қараса болды тоқтатып қояды, толық курсты аяқтамайды. Со­ның салдарынан вирус бала ағзасында қалады. Жас нә­рестеге дұрыс күтім жасамайды, ауырған баланы дер кезінде дәрігерге көрсетпейді, дұрыс тамақтандырмайды» деген сыңайдағы уәждерін айтады. Ал ата-аналар қауымы: «Дәрігерлер вирусты антибиотиктермен емдеу арқылы жас ағзаларды улап жатыр. Біз сондықтан дәрі-дәрмекті алғашқы көмек ретінде ғана пайдалануға тырысамыз» де­генді алға тартады. Әжелеріміз «Басқаны қайдам, біз кіш­кене күнімізде аналарымызға ауырған жерімізді сылап-сипа­тып, ұшықтатып алып шауып кететінбіз» деп келіндері мен ұл-қыздарының баланың асты-үстіне түсіп немесе бірден дәрігерге ала жүгіретініне көңіл­дері толмайтындығын жеткізді.
Бұрын еліміз ана мен бала өлімінің көрсеткіші бойынша әлемде алғашқы орындардың бірінен көрінетін. Десе де, бүгінгі таңда Елбасының тапсырмаларын амалға асыра білген Үкімет ширек ғасыр ішін­де оң нәтижелерге қол жет­кізді. Ана мен бала өлімі­нің көрсеткіші бірнеше есеге азай­­ды. Егемендіктің алғашқы жыл­дары босанған 1000 әйел­дің 67-сі қайтыс болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 12-ге дейін төмендеген. Ал балалар өлімі 27-ден 9-ға азайды. Бұл көрсет­кіш­тердің жақсаруы халық санының өсуіне оң ықпал етті. Статистикаға сүйенсек, Тәуел­сіздік алған 25 жылда халық саны 1 миллион 200 мыңға артқан. (Zanmedia.kz)
Халық санын арттыру, ұлттың сапасын жақсарту – бүгінгі таң­дағы басты мәсе­ле­лердің бірі. Ол үшін дені сау ұрпақты өмірге әкеліп, қо­ғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруымыз керек.

Абылайхан ЖҰМАШЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close